Current Date: 17-06-2025

Түркияда мұнай қымбаттады

Таяу Шығыстағы шиеленіс түріктерге оңай тимей тұр.

Израиль мен Иран қақтығысы дүрбелең туғызып, Brent маркалы мұнайдың бағасы бірден 10%-ға өсіп, баррелі шамамен 75 доллар деңгейінде тұрақтады. Бұл сәуір айының басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Мұнай нарығындағы бұл өзгеріс Түркияда жанармай құнына тікелей әсер етті. Елде дизель отынының бағасы кейінгі бес күнде үшінші рет қымбаттады. Қазір бір литрі 50 лирадан біздің ақшаға шаққанда шамамен 650 теңгеден асты. Бұл Түркияда көп адамның қалтасына ауыр тиіп тұр. Тіпті бұл бұрын соңды болмаған жағдай дейді жұрт. Айта кеткен жөн, Түркияда отын бағасы әлемдік мұнай бағасына тікелей байланысты. Ал мұнай бағасы мен доллар бағамының күн сайын өзгеруі Түркияда жанармай бағасының алдағы күндері де құбылмалы болатынын көрсетеді.