Current Date: 17-06-2025

Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін 10 тәулікке қамалды

Ол ұсақ бұзақылық жасаған.

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, блогер супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан блогер қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған. Кейін жолаушымен дөрекі түрде сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.

Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіргені үшін блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.