Current Date: 17-06-2025

Текеліде қоқыс шығару қызметінің тарифі негізсіз қымбаттаған болып шықты

Жетісу облысының прокурорлары қоқыс шығару қызметін пайдаланатын 10 мыңнан астам тұтынушының құқығы бұзылғанын анықтады.

Арнайы тексерістен соң қоқыс шығару қызметтерінің құны төмендетілді, 10 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Текелі қаласы мәслихатының шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын, халыққа жинау және тасымалдау тарифтерін бекіту кезінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген (14.09.2021ж. №377. "Есептеу әдістемесінде" көзделген формуланы қолдану бөлігінде бұзушылықтарға жол берілген.

Қадағалау актісі бойынша жеке тұрғын үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару қызметтерінің құны 152,69 теңгеге (391,39-дан 238,7 теңгеге дейін), ал абаттандырылған үйлер үшін 7,22 теңгеге (238,7-ден 231,48 теңгеге дейін) төмендетілді.

Осылайша шағын қаладағы 10 625 тұрғынның құқығы қорғалды.