Current Date: 17-06-2025

Шымкентте бүлдіршіндерді сызғышпен ұрған тәрбиеші 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындаған .

Шымкентте балаларға қол көтерген балабақша тәрбиешісіне сот үкімі шықты. "Ай Көркем" жекеменшік балабақшасында жұмыс істеген педагог 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындаған.

Еске салайық, өткен аптада балабақшада болған жағдай әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған еді. Ата-аналар бейнебақылау камерасын қарап, тәрбиешінің бүлдіршіндерді сызғышпен ұрып, сүйреп жүрген сәттерін көріп, дабыл қаққан.


Оқи отырыңыз: Семейде 4-сынып оқушысын жабылып ұрған балалардың қамқоршылары ата-ана құқығынан айырылды


Тұрғындар балаларының үйге көгеріп келгенін байқаған соң, мәселе ушыққан. Оқиға әлеуметтік желіге тарап, тәрбиеші дереу қызметінен босатылып, қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта балабақша қызметіне байланысты тиісті тексерулер жүргізілуде. Құзырлы органдар ата-аналарға балабақшаны таңдауда сақ болуға кеңес берді.