Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған қыз бала емдеу мекемесінен шығарылды.
– Қазіргі таңда бала стационардан шығарылды. Қажетті медициналық көмектің бәрі толық көлемде көрсетілді. Алайда, өкінішке қарай, өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға тура келді, – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, қыз бала әрі қарайғы оңалту емін Ақмола облысының Егіндікөл ауданында өтеді. Себебі ол сол өңірде тіркелген.
– Қазір емхана оның жағдайына қарай арнайы оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр, – деп толықтырды Тимур Мұратов.