Current Date: 17-06-2025

Қазақстан Қытайға 1500 киік тарту етеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік берілетінін мәлімдеді , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді", − деп жазылған хабарламада.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, себебі Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін осындай тапсырма түскенін және мәселені пысықтап жатқанын жеткізді.