Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 517,45 теңге болды, бұл алдыңғы сессиядан 4,85 теңгеге жоғары.
Рубльмен сауда жүргізілген жоқ.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,73 теңгені (+0,57) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 518,11-520,51 теңге, еуро 594,42-599,05 теңге, рубль 6,46-6,59 теңге аралығында сатылуда.
17 маусымдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы аздап көтерілуді жалғастырды.
Brent маркалы мұнай баррелінің фьючерстік бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,19%-ға өсіп, 74,14 долларды құрады.
Бұл ретте West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелінің бағасы 1,18%-ға арзандап, 71,17 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 512,44 теңге, еуроны 593,15 теңге, рубльді 6,52 теңге деп белгіледі.