Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Тәуелсіздік сарайының кулуарында Қазақстандағы екінші АЭС құрылысы бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мен осы күзде (шешім қабылданады — ред.ескертпесі) деп ойлаймын, оны ешкім ұзаққа созбайды деген ойдамын. Күзде кейбір нақты есеп-қисап, деректер белгілі болады, бірақ одан да ертерек болуы мүмкін", — деді журналистерге Роман Скляр.
БАҚ өкілдері екінші АЭС қай жерде салынатыны туралы шешім қашан қабылданатынын да сұрады.
"Салынатын жер бойынша да солай болады деп ойлаймын (күзде – редактордың ескертпесі)", — деді Роман Скляр.
Сонымен қатар Роман Скляр Қазақстанда екі атом электр станциясын қатар салу жоспарланып отырғанын және құрылыс көп кешіктірілмейтінін мәлімдеді.