"Орталық Азия – Қытай" ІІ саммиті елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Орталық Азия – Қытай" ІІ саммиті жұмысын бастады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Ци Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды.
"Орталық Азия — Қытай" І саммиті 2023 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өтті. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Қытайдың екінші саммитін Қазақстанда өткізуге әзір екенін жеткізді. Саммит қорытындысында Сиань декларациясына қол қойылып, екінші саммитті 2025 жылы Қазақстан өткізу туралы шешім қабылданды.
ІІ саммит қарсаңында, кеше елордада Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастыққа тың серпін беретін бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Орталық Азия – Қытай: Энергетика" форумы өтті. Жиында Қытай компанияларының қатысуымен елімізде жаңартылатын энергия бойынша 30 жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Ал "Орталық Азия – Қытай" екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында Қазақстан мен Қытай жалпы сомасы 25 миллиард АҚШ долларына жуық шамамен 60 түрлі келісімге қол қойды. Бұдан өзге Қытай мен Орталық Азияның "Тату көршілік және достық: болашаққа бірге қадам" атты гуманитарлық алмасу форумы ұйымдастырылды.