Алматы әуежайының зардап шеккен қызметкеріне психолог көмек көрсетеді. Әуежай әкімшілігі оған алдағы уақытта барлық қажетті көмекті көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өз қызметкеріне көрсетілген көмек туралы хабарлады.
Еске салайық, бүгін, 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытты. Оқиға рейс алдындағы тексеріс аймағында болған.
Сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Авиациялық қауіпсіздікті тексеру қызметкері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал ол қызметкердің шашынан ұстап, оны пышақпен қорқыта бастаған.
Жеті минуттан кейін ер адамды желілік полиция және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қаруын тартып алды. Ер адам қазір полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды.
Кейінірек шабуыл жасаған ер адам бұған дейін автобуста қызды ұрғаны белгілі болды.
Ал кешке Президент Тоқаев Мұса Әбдірайымды "Ерлігі үшін" медалімен наградтады.