Current Date: 18-06-2025

Алматыда ешбір құжаты жоқ "Арыстан" базары сүрілетін болды

"Ақсай-4" шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын "Арыстан" базарына қатысты сот шешімі қайта қаралып, үкім өзгеріссіз қалды.

Алматыда әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмысы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында "Арыстан" базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. "Фирма Тигрохауд" ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған.

2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды.