Жоғары аудиторлық палата 154 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.
2024 жылы Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 360 аудиторлық іс-шара жүргізді. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 81 млрд теңгені құрады. Қаржылық бұзушылықтардың ең көп көлемі республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде (46 млрд теңге), республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде — (23,1 млрд теңге) анықталды.
Жоғары аудиторлық палата 214 нысанда шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара жүргізді. Жалпы сомасы 154 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар, 708 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 10 мыңнан астам рәсімдік бұзушылықтар анықталды. 135 млрд теңге өтеу мерзімімен өтелді.