18 маусым күні Ресейдің халық әртісі Наталья Тенякованың қайтыс болғаны белгілі болды. Қаралы хабарды Чехов атындағы МХТ театры хабарлады,деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Наталья Тенякова МХТ театрында 37 жыл бойы қызмет етті. Ол соңына дейін сахнаға шығып, күрделі рөлдерді ойнады.
«Бұл – үлкен қайғы: бүгін түнде Ресейдің халық әртісі Наталья Максимовна Тенякова өмірден озды. Бұл – іргетасты шайқалтқан, жүректі ауыртқан үлкен жоғалту. Наталья Максимовна — Художественный театр труппасының тірегі, табиғи талант иесі еді (Теняковадай ойнауды үйрету де, оның харизмасын сипаттау да мүмкін емес), бар болмысымен шынайы адам болды. Ол кәсіби шеберлік пен өмірлік ұстанымда биік деңгей белгіледі – бұл деңгейге жету қиын болса да, ол бәріне бағдар болды», — делінген театрдың ресми сайтында.
Мәдени мекеме актрисаның шығармашылық жолы қалай басталғанын да еске алды.
«Наталья Тенякова 1988 жылы труппаға қосылғанда, ол елге танымал актриса болатын: Ленин комсомолы атындағы Ленинград театрында, Товстоногов атындағы БДТ-де және Моссовет атындағы театрда басты рөлдерде ойнаған. “Аға апай”, “Жасыл карета”, “Махаббат пен көгершіндер” сынды бүкіл ел жақсы көрген фильмдерде де рөл сомдады… Художественный театр терең қайғыда, Наталья Максимовнаның қызы Дарья Юрскаяға және бүкіл отбасына көңіл айтамыз», — делінген МХТ мәлімдемесінде.
Наталья Максимовна өмірінде екі рет тұрмыс құрған: алғашқы жұбайы — Лев Додин, бірақ бұл некеден бақыт таппады. 1970 жылы актриса Сергей Юрскиймен отбасын құрды.