Current Date: 19-06-2025

42 градус ыстық: Синоптиктер 19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Астана. Күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкент. Күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыса отырып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы. Түнде және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысы. Найзағай, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысы. Найзағай, бұршақ, тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысы. Найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз аптап ыстық – 35°C. Өрт қаупі өте жоғары.

Ұлытау облысы. Найзағай, бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Аптап ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы. Күндіз қатты ыстық – 35–38°C. Найзағай, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы. Күн күркірейді. Күндіз 35-37°C ыстық. Жел екпіні 15-23 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Абай облысы. Күндіз аптап ыстық – 35-40°C. Найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе облысы. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы. Күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы. Найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгеге жетті


Батыс Қазақстан облысы. Найзағай, бұршақ. Жел 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Алматы облысы. Жел 15-20 м/с. Күн ыстық, өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысы. Күн өте ыстық – 40-42°C. Жел күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы. Күн күркірейді, жел 15-20 м/с. Күндіз 40°C. Өрт қаупі өте жоғары.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы. Найзағай, шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Қызылорда облысы. Найзағай, шаңды дауыл, дауыл жел. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі төтенше деңгейде.