Ақтауда қала орталығында қарақұрт қаптап жүр. Желіде тараған бейне дүйім жұртты дүрбелеңге салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, бейне 17 маусым кешкі уақытта түсірілген. Кадрда қара түсті өрмекшінің демалып отырған адамдардың қасында жүргені анық көрінеді.
Lada.kz порталының жазуынша, ақтаулықтар бұл жағдайға алаңдаулы, себебі мұндай улы жәндіктің қаланың дәл орталығында кездесуі бұрын-соңды тіркелмеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от MANGYSTAU | AKTAU жаңалықтары (@ladakz_qz)
Бұл ретте, ҚР Зоология институтының мамандары қарақұрттан қалай сақтану керектігін айтып өтті:
- Қарақұрттар көбіне шөлді, тасты, шөптесін жерлерді мекендейді;
- Олар жиі көлеңкелі, адам аз жүретін жерлерде тығылады;
- Табиғат аясында демалғанда төсеніш, киім, аяқ киімді мұқият қарап шығу қажет;
- Қарақұрт шағып алса, дереу дәрігерге жүгіну керек.
Бұған дейін Оралда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын.