Current Date: 15-03-2025

Тоқаев 8 наурызға арналған мерекелік концертті тамашалады

Мемлекет басшысы "Әйел – сұлулықтың әуені" атты мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана Опера" театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері, эстрада жұлдыздары мен түрлі шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев 8 наурыз қарсаңында қазақстандық әйелдерді түрлі саладағы қызметі үшін марапаттаған еді.

Кейінірек Мемлекет басшысы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.