Current Date: 15-03-2025

"Озбырлық нысанына айналды": Алматы әуежайының қауіпсіздік қызметі кепілге алу оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Алматының авиациялық қауіпсіздік қызметі әуежай қымзеткерінің кепілге алу оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бізде және барлық құқық қорғау органында мұндай жағдайларда әрекет ету алгоритмі бар. Қызметкерлеріміз бұл әрекеттерге машықтанған. Ал бүгінгі оқиға қызметкерлердің барлық нормативтік құжат пен алгоритмге сәйкес әрекет еткенін көрсетті.

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің міндеті – мұндай жолаушылардың бақылау аймағына кіруіне және қару-жарақпен, тыйым салынған заттармен әуе кемесіне отыруына жол бермеу, бүгінде дәл солай болды.

Құжаттарды тексеру сызығында тұрған қауіпсіздік қызметінің қызметкері бірінші болып оны тоқтатып, сол азаматтың озбырлық нысанына айналды", — дейді авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімінің басшысы Виктор Голубев.

Оның айтуынша, полиция мен АҚҚ қызметкерлерінің сауатты әрекетінің арқасында жағдай бақылауға алынған. Голубев ер адамның бақылаудағы аймаққа пышақты алып кіре алмағанын, барлық жолаушы мен шығарып салушылар жүре алатын аймақта болғанын атап өтті.

Бойжеткенге келсек, ол қазір полиция бөлімінде, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Біз бұндай озбырлыққа тойтарыс беруге үнемі дайынбыз", — деп қосты Голубев.

Еске сала кетейік, бүгін, 7 наурызда Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқаны хабарланған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейін "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram желісінде видео бөлісіп, әуежайда жұмыс істейтін қызды құтқарған ер адам ағасы екенін айтты.

Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып, оны кепілге алған ер адамды ұстауға көмектескен Мұса Әбдірайым оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді.