Current Date: 19-06-2025

Екібастұзда 500 кВ электр жеткізу желісі апатты жағдайда ажыратылды

Компанияның мәліметінше , апатқа қарсы автоматика іске қосылып, нәтижесінде шамамен 800 мегаватт көлемінде электр қуатына уақытша шектеу енгізілген.

"KEGOC" АҚ-ның хабарлауынша, 2025 жылғы 19 маусым күні сағат 16:44-те ауа райының қолайсыздығына байланысты Екібастұз энергия торабындағы 500 кВ кернеулі электр жеткізу желісі апатты түрде ажыратылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазіргі уақытта мамандар желіні қайта қосу және энергия жүйесінің жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 500 кВ желісін толық іске қосу уақыты шамамен 1,5–2 сағатты құрайды. Жөндеу аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі, – делінген компания таратқан хабарламада.