2025 жылғы 19 маусымда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-алаяқтар олардың атынан жаппай хабарлама таратып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осыған байланысты сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аудармауға және алынған хабарламалардың шынайылығын тексеруге кеңес береміз", — делінген хабарламада.
Ведомство комитет ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp немесе Telegram арқылы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының атынан ешқандай ресми хабарлама жасалмайтынын атап өтті.