Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, блоктық садақ атудан аралас командалар арасында Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістан құрамасынан басым түскен. Қорытынды есеп: 155-153.

Тағы бір финалдық кездесуде Қазақстан ерлер құрамасы үндістандық қарсыластарын 235:231 есебімен жеңген.

Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғаған.

Айта кетейік, бұған дейін Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.