Қазақстанда "Әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, "Әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді.
Бастаманың мақсаты – еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру", — делінген хабарламада.
Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында:
- Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары;
- Отбасын жоспарлау орталықтары;
- Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері;
- Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер;
- Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері ашылады.