Current Date: 20-06-2025

Ұлттық банк 1 және 2 теңгелік монеталарды шығармайды

Ұлттық банк 1 және 2 теңгелік ұсақ монеталар шығаруды ресми түрде тоқтатты.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, мұндай монеталарды әрі қарай соғу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

"Бізге теңгені соғу тиімсіз. Негізгі жоспарымыз мынадай: айналымда бар монеталар қала береді, бірақ жаңасын соғуды жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл шешім 2 теңгелік монеталарға да қатысты", – деді Тимур Сүлейменов Сенат кулуарында.

Бұл мәселені Сүлейменов осыған дейін де көтерген еді. Сәуірдегі жиынның бірінде ол ұсақ монеталардың өндіріс құны олардың номиналынан асып кететінін айтқан. Енді ресми түрде заңды күшіне енді, ұсақ монеталардың соғылуы тоқтатылды.