Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмаханның UFC-дегі айқасы өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандық спортшы ең танымал қазан айында жекпе-жекке шығады. Дегенмен нақты күні белгісіз.
Қазіргі уақытта қазан айында өтетіні нақтыланған екі турнир бар:
UFC 320 — 4 қазан, Лас-Вегас (АҚШ)
UFC Fight Night — 18 қазан, Ванкувер (Канада)
Сондай-ақ қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) UFC 321 турнирі өтеді.
Бекзат үшін ең қолайлысы — Абу-Дабиде өтетін турнирге қатысу, бірақ соңғы шешімді UFC қабылдайды.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан (12-2) мамыр айының басында әлемнің үздік лигасында өзінің екінші жекпе-жегін өткізіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Канаданың Монреаль қаласында ұйымдастырылған UFC 315 турнирінде 33 жастағы жергілікті файтер Брэд Катонаны (14-5) жеңді.
Ал былтыр өткізген алғашқы айқасына жарақатпен шыққан.