Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұптық сайыстың ширек финалында Данилина мен жапониялық Эна Сибахара чехиялық Анастасия Децюк пен нидерландтық Бибиана Схофс жұбымен кездесіп, екі сеттің нәтижесі бойынша 7:6 (7:5), 6:3 нәтижесімен басымдық танытты.
Отандасымыз іріктеу бәсекесінде Эна Сибахарамен бірге И.Ховерлаг (Нидерланд) пен М.Люмсденді (Ұлыбритания) 2:1 нәтижесімен жеңген болатын.