Астанада бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жолаушылар автобусының жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру нәтижесінде Hyundai Country жүргізушісі куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)
"Жүргізушіге, 34 жастағы қала тұрғынына бұрын көлік жүргізуге тыйым салынған. Осыған байланысты ол автобусты жүргізуші куәлігінсіз жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және іс материалдары сотқа берілді. Қаланың мамандандырылған соты шығарған шешімге сәйкес жүргізуші 10 күн мерзімге әкімшілік қамауға алынды", — деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.