Current Date: 21-06-2025

БҚО-да ауыл әкімі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды

Қаратөбе ауданының прокуратурасымен аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша қабылданған шараларды тексеру барысында іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млн теңгеден астам заңсыз аудару фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14.11.2024 жылғы атқарылған жұмыстар актісі бойынша Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімімен құны 6 599 900 теңге болатын шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың қабылданғаны анықталды.

Алайда, Қаратөбе ауданының прокуратурасы фото және бейне тіркеуді қолдана отырып шағын футбол алаңын көзбен шолып қарау барысында мердігер ұйымның сметалық құжаттамадан ауытқуға жол бергенін анықтады.

Атап айтқанда, орама жабынын, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтарды, шамдарды жабдықтау, сондай-ақ, қоршауды отырғызу жұмыстары аяқталмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қаратөбе ауданының әкімдігімен Егіндікөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмыстарды сметалық құжаттамаға сәйкес орындау бойынша шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін Егіндікөл ауылдық округінің әкіміне қызметке толық сәйкес еместігі хабарланды.