Current Date: 14-03-2025

Шағын және орта бизнесті басқаратын әйелдердің үлесі 31%-тен асты

Қазақстанда шағын және орта бизнесті басқаратын әйелдердің үлесі 31%-тен асты. Ақ жаулықты аналар бесік тербеп қана қоймай, экономиканың дамуына үлес қосып келеді. Солардың бірі алматылық Сәуле Мұсабаева. Ол әйелдерге арналған етіктің сан-алуан түрін кескіндейді. Дизайнердің туындылары талай сән көрмелерінде жоғары бағаланды. Бүгінде ол бар білгенін жастарға үйретіп, кәсібін одан әрі кеңейтуді мақсат етеді.

Сәуле Мұсабаева 1998 жылдан бері аяқ-киім дизайнымен айналысады. Бұл кәсіпке келмес бұрын нарықты жақсылап зерттеді. Аяқ-киім шығаратын танымал фабрикалардың тәжірибесімен танысты. Сөйтіп оларды қайталамай, отандық тұтынушының сұранысына қажетті аяқ-киім үлгілерін жасауға кіріседі. Бүгінде оның ойынан шыққан сәнді пішіндерге тапсырыс берушілер көп. Кәсіпкердің пікірінше, елімізде шағын және орта бизнеспен айналысамын деушілер үшін мемлекеттік бағдармаларадың көмегі зор.

Сәуле Мұсабаева, кәсіпкер:

- Әрине бар. Менің ойымша, үстінде төлейтін проценттерін де аз болу керек. Қарапайым кредиттерге қарағанда деп өзімнің ойым солай. Жаңадан кәсіп ашып жатқан жастар қайдан алады ақшаны? Сол жақтан да қолғабыс болу да мүмкін.

Аяқ-киім бизнесі ауқымды сала. Сән үрдісінен қалыспау үшін етіктің, спорттық және күнделікті киіс аяқ-киімнің пішіні мен материалы үнемі өзгеріп отырады. Нарықта бәсеке жоғары. Сондықтан әрдайым еңбек ету қажет,- дейді кәсіпкер. Бүгінде кәсіпкер 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мол тәжірибесін жастарға үйретеді.

Алинұр Марипова, кәсіпкердің қызы:

- Бізді кішкентай кезімізден кішіпейілділікке үйреткен. Өзіңше болма, үлкен кісілерді тыңда , үлкен кісілерді сыйла деп. Және де ол кісі біздің көшбасшы. Осы жұмыстағы көшбасшымыз. Сол ол кісінің 30 жыл бойы аяқ-киім ісін әрі қарай жалғастырғым келеді менің.

Сәуле Мұсабаева Алматы облысы Сүмбе ауылында туып өсті. Қазір Алматыда тұрып жатса да туған ауылының әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып тұрады. Елімізде осындай іскер әйелдердің саны артып жатқаны қуантады. Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің 53% әйелдер ашқан. Олар қоғамның барлық саласында белсенділік танытып, ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып жүр.

А. Садуақас, В.Лобанов