Елордада Әлем кубогына қызу дайындық жүруде .
Германия сапында 2022 жылғы әлем кубогының чемпионы Салах Ибрахим, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Магомед Шахидов сияқты танымал боксшылар бар. Олар 29 маусымға дейін әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бұған дейін АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Швеция, Аустралия және Сербия елдерінің спортшылары Астанаға келген еді.
30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогы өтеді. Айтулы жарысқа 31 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысады. Бірінші орын алған боксшылар 300, екінші орын алған боксшылар 200, үшінші орын алған боксшылар 150 рейтингтік ұпайға ие болады.
Турнирдің ашылу салтанаты 30 маусым күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 13:00-де басталады.