АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларына жауап ретінде Иран Катардағы америкалық базаларға алты зымыран ұшырды. Бұл туралы Axios журналисі Барак Равид израильдік шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Катарлық «Аль-Джазира» агенттігі Доха үстінде жарқылдар мен жарылыс дыбыстары естілгенін хабарлады.
23 маусым кешкісін Катар әуе кеңістігін жапты. АҚШ өз азаматтарын бұл елде «келесі нұсқаулықтарға дейін қауіпсіз жерге тығылуға» шақырды. Ұлыбритания СІМ өз азаматтарын БАӘ мен Катарға сапар шекпеуге кеңес берді.
Fox News дереккөзі америкалық әскерилер Катардағы АҚШ әскери-әуе базасына Ираннан «міндетті түрде болатын» соққыға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
22 маусым күні АҚШ әскері Иранның ядролық бағдарламасына тиесілі үш нысанға соққы жасағаннан кейін, Вашингтон Ираннан жауап қайтаруды күткен еді.