Current Date: 14-03-2025

ЕуроОдақ лидерлерінің саммиті өтті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Украина және АҚШ делегаттары келесі аптада Сауд Арабиясында кездеседі. Басқосуда бейбітшілік орнату үшін ынтымақ мәселелері талқыланбақ. Мұны Украина президенті Владимир Зеленский Брюссельдегі ЕуроОдақ елдерінің саммитінде растады. Кездесу сейсенбіде әр-Риядта өтуі мүмкін. Ал ЕуроОдақтың кезектен тыс саммитінде екі негізгі мәселе: Украина және Еуропаның қорғанысын нығайту талқыланбақ. Еуропа лидерлері қорғаныс шығындарын күрт көбейтуге келісті. Бұған қоса Украинаға қаржылай және әскери көмекті жалғастыруға уағдаласты. Дегенмен Украинаны қолдау туралы декларация қабылданған жоқ. Құжатты Венгрия құптамады.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

Біз бейбіт күшті қалаймыз. Сол себепті мен саммитте «Еуропаны қайта қаруландыру» жоспарын ұсындым. Бұл бойынша қорғанысқа 800 млрд еуро бөлу қарастырылған. Бұл мүше мемлекеттердің Украинаның қорғаныс саласына инвестиция салуға, әскери әлеуетті арттыруға мүмкіндік ашады.

Арай Төлегенқызы