Current Date: 03-07-2025

Қызылорда полициясы ашық есік күнін өткізді

Қызылордалық полицейлер ашық есік күнін өткізді .

Студенттер мен оқушылар жауынгерлік даңқ мұражайына экскурсия жасады. Бұл шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Жастарға ішкі істер органдарының қызметі мен полиция департаментінің тарихы таныстырылды. Сонымен бірге криминалистер мен кинологтардың жұмысы көрсетілді. Ал жедел басқару орталығында бейнабақылау технологиялары туралы мәліметке қанықты. Балалар үшін ең әсерлі сәт арнайы жасақ сарбаздарымен кездесу болды. Элиталық бөлімше күрделі тапсырмаларды орындау әдістерін паш етті.

Қарақат Рельс, колледж студенті:

- Бізге көп деген қызықты мәліметтер сыйлады және ерекше көңіл күйде болдық. Біз ең алдымен осы Қызылорда полициялық департаментінің музейімен танысқан болатынбыз. Музейге осыған дейінгі жұмыс жасаған қызметкерлер туралы, өмірден өткен қызметкерлер туралы және олардың алған мақтау қағаздарымен таныстық. Өте қызықты әсер болды.

Асқар Балқожаев, ПД басқармасы бастығының орынбасары:

- Құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды. Керемет әсерлерін алды, бөлісті. Біз олармен сонымен қатар полиция қызметіне деген қызығушылықтарын арттырды. Яғни өздері сұрап жатыр, олардың да болашақта полиция қызметкері болғысы келетіндерін өз көзімізбен көрдік.