7 наурыз күні футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz-тің хабарлауынша, 6-топтың бесінші турында Рикардо Как шәкірттері өз алаңында Албания құрамасымен ойнады. Астанада өткен кездесу 4:2 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan national futsal team (@kff_team_futsal)
Қазақстан құрамасынан голды Лео (дубль), Шыңғыс Есенаманов және Дәмир Қайырбай соқты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan national futsal team (@kff_team_futsal)
Кака шәкірттері енді 12 наурыз күні іріктеу кезеңінің шешуші ойынын Ереванда Армения құрамасына қарсы өткізеді.
Еске салайық, Қазақстан Албания, Дания және Армениямен бірге 6-топта өнер көрсетіп жатыр.
6-топ кестесі:
- Армения – 10 ұпай;
- Қазақстан – 10 ұпай;
- Албания – 3 ұпай;
- Дания – 3 ұпай.