Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Заң кеңесшісі Мейірман Шекеевтің айтуынша, Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған сотталушыдан басқалардың барлығы апелляциялық шағым түсірген.

“21 маусымда үкім шықты, сол күннен бастап, яғни, сотталушылар қолына үкімді алғаннан бастап, шағым түсіруге 15 тәулік мерзімі бар. Қазіргі таңда сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым түсті. Белғожаев пен кәмелетке толмаған сотталғаннан басқасы шағым түсірген. Алдағы уақытта біз сот отырысының қай күнге қойылғанын хабардар етеміз”, — деді Мейірман Шекеев.

NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық сотына осы іске қатысты сауал жолдады.

Шерзат Болаттың қазасы

Еске сала кетейік, 2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталғанын мәлім етті.

Бұл оқиғадан кейін марқұм Шерзат Болаттың әкесі соттың ашық әрі әділ өтуін талап етіп мәлімдеме жасады.

10 қазанда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов істің мән-жайын айтып тағы бір үндеу жасады.

12 қазанда құқыққорғаушы Саида Тәукелева желідегі жеке парақшасында марқұм Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кеткенін жазып, видео жариялады.

Артынша полиция департаменті өкілдері мүлікті қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Шерзат Болаттың қазасы

  • “Маған бір тиын керек емес”: Шерзат Болаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек
  • Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме

Больше по этой теме