Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Соңғы 6 жылда қылмыстық құқықбұзушылық екі есе азайды

Соңғы 6 жылда қылмыстық құқықбұзушылық екі есе азайды

Соңғы 6 жылда елдегі қылмыстық құқықбұзушылық саны екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық деңгейі 4 есе төмендеген. Бұл ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келе жатқанының көрінісі дейді, — сенатор Ғалиасқар Сарыбаев. Елімізде учаскелік инспекторлардың, медиация және превенция қызметтерінің рөлі нығайып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Ендігі мақсат – қоғамның құқық қорғау жүйесіне сенімін арттыру, — дейді жоғары палата өкілі.

Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:

Сонымен қатар жалпы мына қоғамдық орындарда құқық бұзушылық 80 пайызға төмендеген. Яғни бұл дегеніміз өзіңіз білесіз, кейінгі кезде мемлекет басшысының бастаған саяси реформаларының арқасы. Бауыржан атамыз айтқан тәртіпке бағынған адам құл болмайды деп. Яғни біз ішкі саяси тұрақтылықты өзіміздің қауіпсіздігімізді, жайлы ортаны құру үшін біз заң мен тәртіпке бағынуымыз керек.

Ернұр Медет