Қазақстандық жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге ерекше көңіл күймен шығуы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. «Сет, че там?» деген тіркеспен тараған видео TikTok пен Instagram желілерінде мыңдаған қаралым жинап, пікірталас туғызды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кезекті әскерге шақыру науқаны аясында түсірілген бейнежазбада шаштары алынған, әскери формадағы жас сарбаздар сап түзеп тұр. Видеода: «Сет, че там?» деп айтқанда, сарбаздар жымиып, жігерленген кейіпте тұр. Бұл кадр көпшілікке әсер етпей қоймады: біреулер үшін бұл күлкілі сәт болса, енді бірі жастардың отансүйгіштігі мен батылдығына сүйсінді.
Әлеуметтік желі қолданушылары не дейді?
Видео астына жүздеген пікір жазылды. Қолданушылар сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, олардың ерлікке бастаған қадамына қолдау көрсетті:
•«Жастар жарайсыңдар! Ертеңгі нағыз азаматтар сендерсіңдер!»
•«Осы балалар аман-есен елге оралсын!»
•«Бұл — 90 тақырбас емес, 2025-тің патриоттары!»
Соңғы жылдары жастар арасында әскери борышты өтеуге деген көзқарас оң бағытқа бет бұрып келеді. Бұл видео да соның дәлелі. Патриоттық рухты әзілмен ұштастырған сарбаздардың бейнесі заманауи қазақстандық жастың бейнесін қалыптастырып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)