Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты .
Қазақстандықтардың мобильді аударымдары қыркүйектен бастап тексеріле бастайды. Сөзінше ай сайынғы не тоқсандық ақша аударымдарының шекті соммасы бекітілмек. Салық органдары тек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілерін бақылауға алады.
Ал жеке мақсаттағы мобильдік аударымдар тексеріске жатпайды. Дәл сол сияқты емге және қайырымдылыққа ақша жинайтындардың есепшоттары да қадағаланбайды. Өйткені заң бойынша, ол қаражаттан салық ұсталмайды. Демек кәсіпкерлік жолмен келген табыс емес.