Current Date: 28-06-2025

Тегеран халқы қираған үйіне оралып жатыр

Тегеранда мыңдаған адам үйіне оралды.

Олардың дені АҚШ шабуылы салдарынан жан-жаққа бас сауғалап кеткен болатын. Қазір тараптар келісімге келіп, шабуыл тоқтаған соң тұрғындар өз баспанасына оралып жатыр.

Дегенмен, үйлердің басым бөлігі қабырғасы сөгіліп, үйіндіге айналған. Қазір Тегеран көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Блокпосттар қойылып, полиция көліктер мен ұялы телефондарды жіті тексеріп жатыр. Мемлекеттік телеарна атысты тоқтату режимін растағанымен тұрғындар жағдай қайтып ушығып кете ме деп қорқады. Ресми дерек бойынша 13 маусымнан бері Тегеранда шабуыл салдарынан 610 адам қаза тауып, 5 мыңдай адам ауыр жараланған. Ал Израильде 28 адам көз жұмды.