Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Palma Del Rio W50+H турнирін (Испания) сәтті бастады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз 1/16 финалда португалиялық Матильде Жоржені 2:0 (6:3, 6:1) есебімен жеңді.
Ол 1/8 финалда чехиялық Тереза Мартинцоваға қарсы ойнайды. Ал бұл жарыстың жалпы жүлде қоры 40 мың долларға жетеді.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Зарина Дияс Испаниядағы Villa De Tauste Open W35 турнирінде топ жарған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!