Current Date: 29-06-2025

СҚО-ның Тайынша ауданындағы өрт сөндірілді

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында газ тасымалдайтын көлік жарылып, салдарынан 8 адамды күйік шалған.

Олар Көкшетаудағы ауруханаға дереу жеткізіліп, қазір дәрігерлердің бақылауына алынды. Бұл жағдай кеше болған. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері Ақмола облысының құтқарушыларымен бірлесе жұмыс істеген. Нәтижесінде өрт ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша жанармай құю кезінде газ тасымалдайтын арнайы көліктен ақау шығып, салдарынан аумақты жалын шарпыған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, өрттің себептері анықталып жатыр.