Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Екібастұзда вейп сатумен айналысқан топтың қылмысы әшкереленді

Олар сауданы телеграмм арналары арқылы жасап, курьер арқылы жіберген .

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан топты анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды. Нәтижесінде 5600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді.

Ерекше назар аударатын тағы бір жайт – бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

2025 жылдың басынан бері агенттік вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 деректі тіркеп, 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды.