Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Құрдастарына қысым көрсеткен: ІІМ мектептегі бейресми көшбасшылар жайлы айтты

26 маусым күні Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналдық полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов кейбір жасөспірімдердің өз қатарластарына қалай ықпал етіп жүргенін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер Қазақстан мектептерінен 1 800 бейресми көшбасшыны анықтаған.

“Биыл мектептерде бопсалау бойынша 44 дерек тіркелді. Бұл – тікелей жұмыстың нәтижесі, өйткені бопсалау – жасырын, анықталуы қиын құқықбұзушылық. Ол көбіне кәмелетке толмағандар арасында, камера жоқ жерлерде болады, ешкім ештеңе айтпайды. Біз бұл деректерді сұхбат, сауалнама және сенімге негізделген әңгімелер арқылы анықтап жатырмыз”, — деді Әсет Оспанов.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев бұл іспен кімдер жиі айналысатынын да айтты:

“Бұрын атаман деп атайтын, қазір бейресми лидерлер деп жүрміз. Бұлар айналасына топ жинап, мектепте қысым көрсетуді бастайды”, — деді ол.

Сондай-ақ ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін заңнамаға қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді:

“Қазір мектеп әкімшіліктері өте жақсы көмектесіп жатыр. Біз Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бірқатар жұмыс жүргіздік. Бұрын қандай да бір мектепте құқықбұзушылық орын алса, мектеп директоры жазаланып, қызметтен кетіп, рейтингі төмендейтін. Қазір министр ведомстволық бұйрықтарға өзгеріс енгізді: енді мектеп директоры немесе оқу ісі жөніндегі орынбасары осындай құқықбұзушылықты өзі анықтаса, ол үшін жазаланбайды, керісінше марапатталады. Яғни, енді олар бұл фактілерді жасырмайды”, — деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.