Current Date: 15-03-2025

Шаңырақтың шуағы

Ана... Жер бетінде осыдан қадірлі, осыдан асқақ та әсем сөз кездесер ме екен?

Дүниеге келген сәбиін өбектеп, бар ғұмырын перзентіне арнайтын асыл жанның орны қашанда бөлек. Ақыл алыбы Лев Толстой қажыған мезетінде: «Сенен өзге жанашырым жоқ екен ғой, анашым!» деп егілген екен. Кейде тас тірліктің тұтқасынан көңіл самарқау тартқанда, ең алдымен, есіңе анаң түседі. Аналық мейірім оты кеудеде қоздап жанып өмірге қайта келгендей түлейтініміз бар. Өйткені Ана – жүректің қозғаушы күші, теңдесі жоқ құдірет өзегі!.. Біз рухани түлеген сайын сол құдіретке жақындай түсеміз...