Current Date: 28-06-2025

”Келіні ұлынан үлкен”: Айгүл Иманбаева алғаш рет көпшілікке келінін көрсетті

Сәбит Әбдіқалықов пен Айгүл Иманбаева немерелерінің тұсаукесер тойын дүркіретіп атап өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист, тележүргізуші Анна Данченконың сөзіне сенсек, Айгүл Иманбаеваның келіні ұлынан 2 жасқа үлкен.

“Асылжан мен Жансая, Бақытты болыңыздар!

Айгүл Иманбаеваның шаңырағында қос қуаныш. Ұлы Аслыжанның үйленіп, балалы болғанын көбісі білмейді екен, себебі әншінің баласы жеке өмірін жария етуден алшақ. Жан-жары — Жансая, өзінен 2 жас үлкен. Екеуі бір саладан. Айсұлу есімді қыздары бар, бұйырса, жақында тағы да бөпелі болады. Бүгін Алматыда қос ғашықтың құрметіне дастархан жайылды. Белгілі себептерге байланысты үлкен үйлену тойлары болмады. Енді міне, Айгүл ханым ұлы мен келініне той жасап, артынша немересінің тұсаукесерін өткізді”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің келінінің сырт келбетіне қатысты түрлі пікір жазуда.

”Келіншек үлкен көрінеді екен”, “Әйелі ме, енесі ме”, “Әп-әдемі жұп, бақытты болсын”, “Сұлуынан жылуы”, “Мойыны бір тұтам, қызық несіне қызыққан”, — деп жазды олар.

Screenshot