Current Date: 28-06-2025

Еліміздегі бірінші АЭС-тің құны 14 млрд доллар болуы мүмкін

Оның құны техникалық-экономикалық негіздеме негізінде белгілі болады.

Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев алғашқы АЭС-тың құны қандай болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құны техникалық-экономикалық негіздеме негізінде белгілі болады. Бүгінгі таңда бізде конкурс рәсімдеріне қатысқан вендорлар ұсынған индикативті параметрлер бар. Бірақ та, қазір бұл мәліметтерді жария ете алмаймыз, себебі бұл процеске қатысушылармен жасалған құпиялық туралы келісімдермен қорғалған. Жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, осындай деңгейдегі станцияның құны кем дегенде шамамен 14 миллиард доллар тұрады", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кету керек, бұған дейін еліміздегі алғашқы АЭС-ті "Росатом" салатыны туралы шешім өзгермейтінін жазған болатынбыз. Еліміздегі екінші АЭС-ті қытайлықтар салады.