Current Date: 28-06-2025

Екі жылда Ұлттық қордан әр балаға 233 доллардан түсті

Ұлттық қордың активтері былтыр 16%-ға өсіп, 66,2 млрд долларға жеткен.

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылы жалпы ішкі өнім 4,8% өсті, бұл негізінен мұнайға қатысты емес секторы есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім 6% өсті. Шоғырлан дырыл ған бюджет тегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі, өткен жылы 2,5 пайыздық тармаққа өсті. Инфляция деңгейі 9,8 %-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,7% болды", – деді Қаржы министрі.

Мәди Такиев мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,7%-ға жеткенін айтты.

"Ұлттық қордың активтері өткен жылы 16% өсіп, 66,2 млрд доллар құрады. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша екі жылда шамамен 7 миллион баланың әрқайсысына 233 доллар есептелді", – деді ведомство басшысы Парламенттің бірлескен отырысында.

Айта кету керек, бұған дейін Депутат Үкіметтің жұмысын сынға алғанын жазған едік.