Current Date: 28-06-2025

Венесуэлада жауын құйып, лай көшкіні жүрді

Венесуэлада жауын құйып, су тасып, лай көшті. Автомагистральдің үстінен өтетін көпір құлады.

Салдарынан бес штатпен арадағы көлік қатынасы қиындады. Қазір инженерлер оны қалпына келтіруге әрекеттеніп жатыр.

Ал жергілікті билік 640 отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да заттарды жеткізу жоспарын жариялады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар Венесуэла басшылығы тасқынды бақылауға алғанын және су апатынан ешкімнің қаза таппағанын мәлімдеді.