Current Date: 28-06-2025

"Ұлы дала баласы" әншілік мансабын аяқтайтынын жария етті

Төреғали Төреәлі бұл хабарламаны әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әнші қара фонға қысқа ғана "...Болды. Мен бәрін тоқттатым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам — үнсіз" деп жазған. Дәл осы тұсы көпшілікті алаңдатқанға ұқсайды.

Негізі кейінгі 1-2 жылдың шамасында Төреәлі бұрынғыдай белсенді болмай жүр еді. Сахнаға тым сирек шықты. Биыл Алматы, Астана, Шымкент және Тараз қалаларында өтеді деп жоспарланған жеке кештері аяқ асты кейінге шегерілгені есте.

Көп ұзамай оның жақындары әншінің денсаулығы сыр бергенін хабарлаған. Алайда нақты қандай диагнозбен сыртқатқа шалдыққаны айтылмады. Тыңдармандар осыдан кейін "әнші ауыр дертке шалдыққан" деп сырттай жорамалдай бастады.

Қазір 32 жаста ғана болса да әнші қазақ эстрадасындағы ең танымал және ықпалды әншілердің бірі атанып үлгерген болатын. Ерекше дауыс тембрімен, ұлттық нақыштағы әндерімен және сахнадағы харизмасымен көпшіліктің жүрегін жаулаған.

Әуелде айтыс сахнасынан бастап көзге түскен Төреәлі кейін эстрадаға қадам басып, жылдам танылды. Дегенмен көрермен назарында ерсі қылықтарымен де есте қалған.