Current Date: 29-06-2025

Төреғали Төреәлі мансабын аяқтауға бел буды

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі эстрада әртісі ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол күтпеген жазбаны желідегі парақшасында жариялады.

"...Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз",- делінген жазбада.

Публикация от Төреғали Төреәлі (@toregalitoreali)

Сондай-ақ, әнші жазбаға пікір қалдыру мүмкіндігін шектеген. Сондықтан, күтпеген мәлімдемені жанкүйерлердің қалай қабылдағанын аңғару қиын.

Айта кетейік, Төреғали Төрәлі үнемі жанжалдың ортасында. Мәселен, 20 тәулікке қамауға алынды, есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен де айрылды. Бұдан бөлек, тіпті әншінің үстінен билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс те қозғалған болатын.