2025 жылғы 28 маусымда Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінде ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарынан қайтып келе жатқанда суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, оқиға "Понтон көпірі" ауданында болған.
"Құтқарушылар әйелді қайықпен жағаға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды",- делінген ақпаратта.
Ведомство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды, қалқымалыдан ары жүзбеу мен суға шомылу үшін тек рұқсат етілген жағажайларды таңдауды сұрайды.
Бұған дейін Ақтауда автобус пен бес жеңіл көлік қақтығысып, 6 адам жарақат алғандығын жазған болатынбыз.