Current Date: 29-06-2025

Интернетте 16 млрд аккаунттың құпия сөзі тарап кетті

Интернетте 16 млрд аккаунттың логині мен құпия сөзі тарап кетті. Деректердің мұндай көлемде қолды болуы тарихта бұрын-соңды болмаған. Cybernews мамандарының айтуынша, деректер зиянды бағдарламалар, кибершабуылдар мен фишингтік тәсілдер арқылы ұрланған. Ғаламторда 30 ірі дерекқор әшкереленді. Әрқайсысында миллиондаған логин мен құпия сөз бар. Зардап шеккендер арасында Apple, Facebook, Google, Telegram қолданушыларының деректері де кездеседі. Кей мемлекеттік қызметтердің де мәліметтері жария болған. Сарапшылар тұтынушыларға аккаунттарының құпия сөздерін дереу ауыстыруға кеңес берді.